Ол Жолдаудың қоғамды қозғаған барлық мәселеге жауап беретінін айтты.
Қоғамда тыныштық болмай Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл орайда елдегі тұрақтылықты сақтау, қоғамның бірлігін нығайтудағы этно-мәдени бірлестіктердің алатын орны зор, — деді Ләйла Төрешова.
Президент Жолдауын ықыласпен қабыл алған өзге ұлт өкілдері Жолдаудың мемлекетіміздің дамуындағы маңызды кезеңге және елдің одан әрі дамуына жол ашатын стратегиялық маңызды құжат екенін айтты.
Отбасы мен балалық шақ институтын шынымен қолдау, балалардың құқығын қорғау және тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күрес мәселелеріне ерекше назар аударуды қажет етеді. Біз, азаматтық қоғам өкілдері ретінде Президент Жолдауында айтылған барлық міндетті жүзеге асырудың алдыңғы шебінде жүруге тиіспіз, — деді Өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Қаһар Дадашов.