Басты бетЖаңалықтарПрокуратура Ақжарқын...

Прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға жеткізуге қатысты пікір білдірді

Марат Ахметжановтың айтуынша, сотталушының әрекеті Қытаймен екіжақты шартқа сай келсе, Ақжарқынның жазаны елде өтеуіне мүмкіндік бар.

Бүгінде бізде бар мәлімет бойынша Ақжарқынға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Қытаймен сотталған азаматтарымызды беру туралы екіжақты шарт бар. Бірінші шарт бойынша сотталушының Қазақстанда жазасын өтегісі келетіні туралы жазбаша өтініші керек. Осыдан кейін дайын және ратификацияланған шарттарымызға сай біз Қытай Халық Республикасына оның жіберілуі мүмкін екені туралы хабарлама жібереміз. Ақжарқын өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Біз қандай санкция қарастырылғанын көреміз. Бізде де осы бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.  Егер оның әрекеті шартқа сай келсе, бізде оны экстрадициялауға толық мүмкіндік бар деп ойлаймын, — деді бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбайдың өзі жазасын Қазақстанда өтегісі келетіні туралы өтініш қалдырмаған. Мұның алдында Қытай сотының Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімін өзгеріссіз қалдырғаны хабарланған еді.

2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу сотында Ақжарқынға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Қорғаушы тарап сот үкіміне шағым жасады. Алайда апелляция сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, — деген еді Ақжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов.

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанжоу әуежайында ұсталған. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған еді.