Кейінгі жылдары мал ұрлығы кәсіпке айналып, ұйымдасқан қылмыс түрі болып кетті. Сондықтан Қылмыстық кодекске «Мал ұрлау» деген жеке бап қостық. Ол өз нәтижесін беріп отыр. Қазіргі кезде мал ұрлығы 24% азайды. Жазаны ауырлату және татуластыққа тыйым салу ұрлыққа мықты тосқауыл болып отыр, — деді Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.
Қазақстанда жаңа бап бойынша мал ұрлаумен айналысқан 5 адам 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
2020 жылы мамырда Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 5 адам — қылмыстық топ ұсталды. Олар 200-ге жуық ірі қараны ұрлап, ауыл адамдарына миллиондаған шығын келтірген. 1 қыркүйекте сот мал ұрлығы туралы жаңа бап бойынша 5 адамның әрбіреуін 8 жылдан бас бостандығынан айырды, — деді Бас прокурордың орынбасары.