Басты бет Медицина Елімізде 5000-нан астам науқас коронавирустан емделіп жатыр

Елімізде 5000-нан астам науқас коронавирустан емделіп жатыр

Олардың арасында 30 бала бар.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Коронавирустың тарауына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 5 073 адам емделіп жатыр.

Стационарларда 2 863  науқас бар, ал 2 210 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

140 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 18 пациенттің ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, — деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 361-ге жетті, 99 654 адам инфекциядан жазылды, 1 634 науқас қайтыс болды.

Exit mobile version