Басты бет Медицина Қазақстанда тағы 76 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда тағы 76 адам коронавирус жұқтырды

5 тамыздың қорытындысы бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын тағы 76 науқас жұқтырды, 505 адам аурудан айықты, 9 пациент қайтыс болды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жаңа дерек елдің 13 өңірінде тіркелді.

Кейінгі тәулікте Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында коронавирус жұқтырған пациент анықталмады.

Бүгінге дейін және бір күнде тіркелген дерек саны:

Алматыда — 14 272(+10);
Нұр-Сұлтанда — 13 886(+7);
Атырау облысында — 10 952(+5);
Қарағанды облысында — 10 142(+8);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 279(+17);
Батыс Қазақстан облысында — 6 777(+6);
Шымкентте — 5 181(+1);
Алматы облысында — 4 905(+2);
Жамбыл облысында — 4 096(+0);
Солтүстік Қазақстан облысында — 3 981(+5);
Павлодар облысында — 3 854(+5);
Қостанай облысында — 3 431(+3);
Ақмола облысында — 3 418(+3),
Түркістан облысында — 3 339(+4);
Маңғыстау облысында — 3 334(+0);
Қызылорда облысында — 3 231(+0);
Ақтөбе облысында — 3 223(+0).

Республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 301-ге жетті, аурудан 99 523 адам жазылды, 1 627 науқас қайтыс болды.

Exit mobile version