Мақтаарал ауданындағы Мырзакенттегі жаңа ауылда саябақ пен жол құрылысы таяуда толық бітеді.
Құрылыс алаңын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді. Ең алдымен құрылыс басында карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс.
Құрылыс барлық талапқа сай жүруі тиіс. Бірінші кезекте — сапа. Әр істі аса жауапкершілікпен атқару керек. Құрылыс басында барлық санитарлық талаптар сақталу міндетті,-деді аймақ басшысы.
Жаңа ауылда 3 айда 386 үй тұрғызылды. Қазір мұнда көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Мөлтек ауданда саябақ пен 2 спорт алаңшалары салынуда. Веложол жүргізіліп, аллея құрылысы жүргізіліп жатыр. Демалыс орнында жасанды көл пайда болады. Мырзакент кентіндегі мөлтек ауданында 31 мердігер мекеме тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Құрылыс алаңында құрылысына 1417 адам жұмылдырылған.