Galaxy Z Fold2 – 2019 жылы шығарыла бастаған Galaxy Fold инновациялық топтамасының жалғасы. Жаңа смартфонның сыртқы экраны — 6,2 дюйм, негізгі экраны — 7,6 дюйм және ол 120 Гц дейін бейімделеді. Негізгі экраны Ultra Thin Glass ультражіңішке әйнектен жасалған. Смартфонда стерео әсері мен дыбысы айқынырақ болатын қос динамик бар.

Жаңа өнімде патенттелген Hideaway Hinge технологиясы және CAM механизмі қолданылған. Соның арқасында оны кез келген бұрышынан ашуға және бекітуге болады. Бүктелген экран мен ашылмаған негізгі дисплейді ауыстыру кезіндегі функция жақсатырылған, соның себебінен Galaxy Z Fold2 икемді және ыңғайлы интерфейске ие.

Негізгі экран өлшемінің үлкендеу болуы оны планшет ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл Word құжатында, Excel кестесінде жұмыс істеу немесе PowerPoint-пен презентация жасау сияқты жұмыстарыңызды орындағанға ыңғайлы. Microsoft Outlook-тың да потенциалын толық қолдана аласыз, бір уақытта пошта жәшігін тексеріп қарап, хат алмасуды да жалғастыра бересіз.

Galaxy Z Fold2 камерасында бейімделген түсіру режимдері бар және ол кез келген сәтті жоғары сапада түсіре алады. CaptureView режимінде экранның төменгі жартысында тұратын түсірілген фотосуреттер мен бейнелерді «Камера» бағдарламасынан шықпай-ақ көре аласыз. Камерасында адам қолының көмегінсіз түсіруге мүмкіндік беретін автоматты түрде кадрлау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ объект қозғалыста болса да, фокусты ұстап тұрады. Смартфонның икемділігінің арқасында сыртқы экранды көрсеткіш тетік ретінде пайдаланып, негізгі камерамен жоғары сапада селфи жасауға болады.

Galaxy Z Fold2 пайдаланушыларына эксклюзив мамандандырылған қызметтер, сондай-ақ кеңейтілген кепілдемесі бар және кездейсоқ зақымданудан қорғайтын Samsung Care + сертификаты беріледі. 10-24 қыркүйек аралығында Samsung уеб-сайтында смарфтонға алдын ала тапсырыс беруге болады. Galaxy Z Fold2 смартфоны 25 қыркүйектен бастап сатылады.