Депутаттың сөзіне қарағанда, бүгінде газ өндіру кезінде сапаға дұрыс көңіл бөлінбейді. Әсіресе, шикізатты күкірттен дұрыс тазаламағандықтан, газ құбырлары тез бүлініп жатады. Соның салдарынан тауарлық газдың бағасы көтеріледі де, бүкіл салмақ тұтынушыларға түседі.
«Бүгінде Қазақстанда өндірілетін сұйытылған газдың көлемі ішкі сұраныстан төрт есе артық болып тұр. Әрине, ондай болған жақсы. Себебі көгілдір отынды кеңінен пайдалануға барлық жағдайлар бар. Дегенмен, оның кері жағы да бар. Бүгінде ішкі сұраныстан артық газ сыртқа сатылады. Алайда ол экспорт дұрыс бақыланбайды. Ал одан түсетін ақша бюджетке емес, газды заңсыз тасымалдап жатқандардың қалтасын қалыңдатып отыр», — дейді Глеб Щегельский.
Осы орайда xалық қалаулысы жергілікті жерде газды көптеп алып, экспортқа заңсыз шығару сxемасын ашып берді. Оның айтуынша, бүгінде облыстардағы газға деген сұраныстың көлемі әкімдіктер мен газ таратушы компаниялардың мәліметтері негізінде анықталады. Энергетика министрлігі соған қарап, тауарлық газды беріп отырады. Әкімдіктер мен газ таратушы компаниялар осы кестені пайдаланып, тапсырысты артығымен беріп жатады. «Газдың артық көлемі заңсыз экпортталады. Себебі көрші Ресейде сұйытылған газдың бағасы Қазақтаннан төрт есеге қымбат болып тұр», — дейді Глеб Щегельский.