Ауа райы боран

23 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстік батыстан жылдамдығы секундына 18-23 метр болатын дауыл соғады. Күндіз оның екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді. Синоптиктер 23-24 желтоқсанда оңтүстік батыс пен батыстан соққан жел секундына 18-23 метрге дейін барады деп болжап отыр, ал 23 желтоқсанда күндіз және 24 желтоқсанға қараған түні желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшейеді. Осы күні Астана қаласында көктайғақ болады және жылдамдығы секундына 18-23 метрге жететін жел соғады деп күтіліп отыр.

24-25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын, кей жерлерде секундына жылдамдығы 23-28 метрге дейін жететін жел тұрады деп күтіледі. 24 желтоқсанда желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұл күндері Оңтүстік Қазақстан облысында да дауыл тұрады. Оңтүстік батыстан соққан дауылдың жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. 25 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін барады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде 22-24 желтоқсан күндері қар жауады және жел тұрады деп болжаған еді. Тіпті солтүстік және орталық және шығыс облыстарда жылымық болады екен. “Күндіз 5 градус нольден төмен… 3 градус нольден жоғары. Батыста және оңтүстікте 0-8 градус жылы болады, жауын-шашын, тұман және мұзтайғақ күтіледі”, – делінген “Қазгидромет” РМК хабарламасында.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!