Алматы облысында аз қамтылған отбасы балалары үшін 75,6 мың компьютер сатып алынады

Қазір сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін 12,5 млрд. теңге қаралған. Оған қосымша мемлекеттік — жекеменшік әріптестік аясында 5 млрд. теңгеге 20 мың компьютер сатып алынадыБұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Оқушылар мен мұғалімдердің компьютерлік құралдарға қажеттілігіне, сонымен қатар, интернет желісі тартылған елді мекендерге қатысты да мониторинг жүргізілді. Облыста компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген оқушылар үлесі 61%, яғни 242,7 мың оқушы. Мектептердегі 23 678 компьютер балаларға уақытша пайдалануға беріледі, — деді А. Баталов.

Жалпы облыс бойынша 91 743 оқушыға компьютерлік құралдарға қажеттілік бар.  Осыған сәйкес, аталған мәселені шешу үшін аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларды компьютерлік техникамен қамтамсыз ету мақсатында қосымша 75,6 мың компьютер сатып алынып, уақытша пайдалануға беріледі. Сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін 12,5 млрд. теңге қаралды. Қосымша мемлекеттік — жекеменшік әріптестік аясында 20 мың компьютер сатып алынады.

Облыс әкімінің айтуынша, меценаттар да көмек көрсетуге ниет білдіруде, мәселен «Жас архитекторлар мен құрылысшылар» қоғамдық қоры облыстың аз қамтылған отбасылардың балалары үшін 150 компьютер құралдарын тегін береміз деп отыр.

Осындай қабылданған шаралар нәтижесінде жаңа оқу жылында облыс оқушыларын компьютермен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілетін болады.