1 қыркүйекте

Ұлыбританияның «Барлық тіршілік иелері, үлкені де, кішісі де» (Все существа, большие и малые/All Creatures Great and Small) драмасы 1 қыркүйектен бастап шығады. Ремейк бұрынғыша ветеринардың өмірі туралы.

2 қыркүйекте

Комедия, қылмыстық, қызық оқиғалы «Екі аптада үлгеру» (Успеть за две недели/Two Weeks To Live) сериалының бірінші маусымы көрерменге жол тартады. Сериал Ким Ноукс есімді қыздың шытырман оқиғасы туралы. Туынды Ұлыбританиянікі.

3 қыркүйекте

«Жас Валландер» (Молодой Валландер/Young Wallander) сериалы — драма, қылмыстық, триллер, детектив. Басты рольдегі Курт Валландер — полиция инспекторы, өз ісінің шебері. Оның әр зерттеуі сериалды қызық ете түседі.

АҚШ-тың «Қасқырдың қолында өскен» (Воспитанные волками/Raised by Wolves) драма, ғылыми фантастика жанрындағы сериалы да 3 қыркүйекте шығады.

"Қасқырдың қолында өскен" сериалы
«Қасқырдың қолында өскен» сериалы. Фото: Kinosvami.ru

5 қыркүйекте

«Жүгірмектер» (Пацаны/The Boys) сериалы — драма, фантастика, боевик жанрындағы туынды. АҚШ түсірген. Биыл екінші маусымы шығады.

Сонымен қатар АҚШ түсірген «Алыста» (Вдали/Away) драма, фантастика жанрындағы сериал да осы күні көрерменге ұсынылады.

15 қыркүйекте

«Мы те, кто мы есть» (We Are Who We Are) драмасын АҚШ пен Италия бірлесіп түсірді. Биыл бірінші маусымы көрерменге жол тартады.

«Үшінші күн» (Третий день/The Third Day) драма жанрындағы мини-сериал. АҚШ пен Ұлыбритания бірінші маусымын бірігіп түсірді.

17 қыркүйекте

Қыркүйекте «Арчер» (Archer) мультсериалының 11-маусымы шығады. Сериал агент Арчердің қызметі туралы.

19 қыркүйекте

«Пен15» (Pen15) — АҚШ-тың комедия жанрындағы туындысы. Күзде екінші маусымы көрерменге жол тартады.

Ғылыми фантастика жанрындағы Netfliх-тің «Юра әлемі: Бор кезеңінің лагері» (Мир Юрского периода: Меловой лагерь/Jurassic World: Camp Cretaceous) — «Юра әлемі паркі» фильміне франшиза ретінде шығатын алғашқы сериал. Көрермен оны 18 қыркүйктен бастап тамашалай алады.

"Юра әлемі: Бор кезеңінің лагері" сериалы
«Юра әлемі: Бор кезеңінің лагері» сериалы. Фото: Data-vyhoda.site

Драма, криминал, детектив. «Рэтчед» (Ratched) сериалы психиатрия мекемесінде жұмыс істейтін медбикенің оқиғасына құрылған. Биыл бірінші маусымы шығады.

24 қыркүйекте

«Құшақ» (Обет на крови/Klem) драмасын Нидерланды түсірген.  Биыл үшінші маусымы шығады.

25 қыркүйекте

«Кішкентай балта» (Топорик/Small Axe) — ағылшын-америкалық драма. Мини сериалдың алғашқы үш бөлімі 25 қыркүйекте ашылатын кезекті Нью-Йорк кинофестивалінде көрсетіледі.

26 қыркүйекте

«Утопия» (Utopia) — драма, фантастика, триллер жанрындағы АҚШ түсірген сериал. Сериал «Утопия» деп аталатын романның қолжазбасы бар бір-бірін танымайтын топ туралы.

28 қыркүйекте

Қыркүйектің соңына қарай бірнеше сериал жарық көреді. Соның бірі комедия жанрындағы «Фарго» (Fargo) драмасының төртінші маусымы болса, биыл «Отағасы» (Гриффины/Family Guy) мультфильмінің 19-маусымы көрерменге ұсынылады.

«Американың қылмыс хикаясы» (Американская история преступлений/American Crime Story) драмасын да күтіп жүргендер бар шығар. Осы айда хикаяның үшінші маусымы көрсетіледі.

"Американың қылмыс хикаясы" сериалы
«Американың қылмыс хикаясы» сериалы. Фото: Kinopoisk.ru

Сонымен қатар қыркүйекте АҚШ-тың «Бобтың бургерлері» (Закусочная Боба/Bob’s Burgers) мультфильмінің 11-маусымы және «Комидің ережесі» (Правило Коми/The Comey Rule) драмасы шығады.