29 жыл бұрын, 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ядролық қару-жарақтан бас тарту туралы теңдессіз тарихи шешім қабылдап, антиядролық қозғалыстың көшбасшыларының бірі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысымен 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды. Осылайша, 450-ден астам жарылыс жасалған әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының бірі – Семей полигоны, бұрынғы Кеңес Одағы басшылығының қарсылығына қарамастан, біржола жабылды, — делінген үндеуде.
Мемлекет басшысы аумағы 300 мың шаршы метр болатын полигон аймағында 1,5 миллион адам тұрып жатқан. Мамандардың бағалауы бойынша олардың 500 мыңнан астамы тікелеу сәулеленуге ұшыраған.
Келесі жылы 18,5 мың шаршы шақырым полигонның бүкіл аумағында кешенді экологиялық зерттеу аяқталады, бұл аумақ кей Еуропа мемлекеті аумағымен бірдей, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, бұрынғы Семей полигонының қауіпсіз жағдайын қамтамасыз еткен ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстар әлемде бұрын-соңды болмағанын.