Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысы...

Түркістан облысы әкімдігі шаруаларға субсидия қарыз

Телесюжетте облыстың Төрткүл ауыл округі тұрғындары ондаған тонна мақта өсіріп, оны өңдеуге жібергені айтылады. Бірақ бұл еңбектің ақысын олар ала алмай отыр. Оларға облыс әкімдігі субсидия төлеуі қажет еді. Жұмысшылар әкімдік қаржының аударылатынын айтып, жарты жылдай уәде беріп келе жатқанын айтады.

Жыл сайын бізге мақтаға субсидия беруге тиіс. Мен шаруа қожалығы иесі ретінде қолыма 150 мың теңге, әр тонна үшін 12 мың теңге алуым керек. Мұны маған облыс әкімі беруге тиіс. Жақында береміз деп әлі жүр. Біз ендігі мақтаның жаңа терімін бастайын деп жатырмыз. Ал былтырғы субсидияны әлі ала алмай жүрміз. Оны 100-ге жуық адам ала алмай жүр, — деді мақта өсіретін шарулардың бірі Абыл.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Адубай Мұстафаев бұл мәселеге қатысты пікір айтты.

Мұнда бір ғана себеп бар. Бұл — тауар өндірушілердің немқұрайлығы. Жақында олар біздің басқармаға келді, сонда олардың өтінім беріп үлгермегені анықталды. Өтінім электрон түрде берілуге тиіс, ал олар ондай өтінім жасамаған. Бізде практика сондай. Тауар өндіруші деп отырғанымыз — шаруа. ол таңнан кешке дейін егін алқабында жүргендіктен, ол істің мұндай қыр-сырын біле бермейді, — деді Адубай Мұстафаев.

Ауыл тұрғындарына құжатты цифрлық форматқа көшіруге неге ешкім көмектеспеді?

Біріншіден, бұл біздің функциямызға жатпайды. Екіншіден, олар ауыл мамандарынан да, бізден көмек сұрамаған. Енді оларға ешқайда барудың қажеті жоқ. Өйткені мақтаға бөлінген субсидия таусылды. Негізі бәрі өзінің немқұрайлығынан, көмек сұрамаған өздері, — деді Адубай Мұстафаев.