«Биыл 1200 бала халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Жалпы, дарын жағынан Қазақстанның балалары 100 ел ішінде 12-орынды иеленіп отыр. 20 жыл бұрын бұл көрсеткіш 50-ші орын еді. Біз қазір Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосамыз деп жүрміз ғой, ал балаларымыз өз білімдерімен ол межеге жетіп қойды», — деді Гүлшара Әбдіхалықова.
Жалпы, бүгін жаңа Оқушылар сарайында өткен балалар форумына Қазақстанның түпкір-түпкірінен 336 бала келген. Енді бұл форум дәстүрге айналып, жыл сайын оқу мен өнерде үздік деп танылған балалар Астанаға жиналып отырады.