Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының Халықаралық ядро сынақтарына қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында жарияланды.
Ядро сынақтарына жаппай тыйым салу шарты ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядро қаруынсыз әлем құрудағы ерекше тарихи үлесін ескеріп, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді.
Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядро полигондарының бірі — Семей полигонын жабу туралы шешімі адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядро сынақтарына алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негіз болды, — делінген хабарламада.