Астана National Geographic Traveler сыйлығына ие болды

Марапат кезінде Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының ілгерілету және туризм департаменті директорының орынбасары Роза Асанбаева көрменің артықшылықтарын атап өтті. «Жаһандық шара Қазақстан астанасына әлемнің барлық жерінен туристерді тартады» дейді ол. Сонымен қатар, орынбасар көрме қонақтарына 3 мың тақырыптық және ойын-сауық шарасы, соның ішінде есте қаларлық шоулар, концерттер, шерулер мен арнайы қойылымдар ұсынылатынын айтты.

«Биыл сыйлықтың серіктесі Қазақстан болды, нақтырақ айтсақ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы болды. Қазақстан – туризмді дамытудың үлкен әлеуеті бар, перспективті бағыт. Оған деген қызығушылық артып келеді, және де біз туризм мен саяхат жөніндегі жетекші халықаралық және ресейлік басылым ретінде, осы дерекке назар аудармай өте алмадық», – дейді National Geographic Traveler бас редакторы Ольга Яковина.

Еске сала кетейік, National Geographic Travel Awards – жыл сайынғы туризм саласындағы халықаралық сыйлық. Ол әлем бойынша ең үздік бағыттарды, компанияларды, круиздерді, әуежайларды таңдауға бағытталған. National Geographic-тің (Ресей) онлайн-нұсқасының оқырмандары 2016 жылғы 8 қыркүйек пен 23 қараша аралығында 23 номинация бойынша белсенді түрде дауыс берген, оған жеңіске үміткер ретінде Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Оңтүстік Американың елдері мен компаниялары қатысқан.

ДереккөзBnews.kz