Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.
Биылғы жиын-терім науқаны мерзімінен кешікпей басталды. Бүгінде 165 гектар күрішке орақ салынып, оның 35 гектары бастырылды. Әзірге егіннен әр гектарынан шамамен 40,0 центнерден өнім алынып жатыр, — деді Сейілбек Нұрымбетов.
Сондай-ақ, егін жинау жұмыстары 15 қазанға дейін жалғасады. Сала басшысының айтуынша, басты міндет — орылған дәнді қамбаға жинап, игілікке жарату.