Мәдениет ауылдық ауруханасынан провизор және КВИ стационарлар ашылып, 20 төсек-орынға арналған аурухананың төсек қоры 105-ке жеткізілді.
Кейінгі кездері стационарға коронавирус, пневмония дертімен науқастар түскен жоқ. Бүгін мұндағы соңғы екі науқасты шығарып, провизор стационарды жаптық. Енді бұл жерлерге дезинфекция жүргізіліп, аурухана халыққа қалыпты жағдайда қызмет көрсетеді, – дейді провизор бөлімінің дәрігер меңгерушісі Әзизбек Жәмкеев.
Дәрігерлер провизор стационарда ем алып, үйіне асыққан соңғы екі науқасты құрмет көрсетіп шығарып салды. Емделіп шыққан азаматтар алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге алғыс айтып, қолдау шараларын танытқан азаматтарға ризашылығын білдірді.