Ерекше құбылыстың қуәгерлері оны «гало» деп атады. Бұл 19 қарашада күндіз орын алды. Гало құбылысы күн батар тұста сағат 16-17-лерде қайталанды. Бұл уақытта ауа температурасы — 30 градус болып тұрған.
«Шергеште талай болғанмын. Мұндай жағдайды бірінші рет көруім», — деп таңданысын жасырмады фотографтардың бірі Камиль Нуруллович. Басқа куәгерлер «гала» қатты аязда не түнде ай жарығы кезінде пайда болатынын айтады.
Айта кетейік, бұл аймақта өткен жылы қаңтарда үш күн көрінген. Айтқандай, «гало» атмосфералық оптикалық құбылыс қыста қатты аязда пайда болады, мамандар аспанды қаз бауыр бұлт басқанда, мұздан тропосфераның жоғарғы қабатында 5-10 шақырым биіктікте пайда болады деп санайды.