Басты бетӘдебиетӘлемдегі ең...

Әлемдегі ең танымал комикс-романдардың бірі қазақ тіліне аударылды

Баспа өкілдерінің айтуынша, кітапты қазақ және ағылшын тілдерінде оқуға болады, яғни бір басылымда екі тілдегі нұсқа қатар беріліп отыр.

Балалар планшет пен телефоннан айрылмайды, кітаптан қашады. Соның кесірінен бойында психологиялық теріс өзгерістер болып жатады. Мұны құмарлыққа теңер едім. Көп ата-ана ұл-қызына кітап оқудың пайдасын түсіндіре алмай қиналады. «Тентек балақайдың күнделігі» комикс-романы осындайда жақсы көмекші болмақ. Бұл еңбекті балалар сүйсініп оқиды және басқа кітапты оқуға деген құлшыныс пайда болады. Ал түпнұсқа мәтіннің қатар берілуі ағылшын тілін жақсартады, — дейді баспа басшысы Райса Сайранқызы Қадір.

Райса Қадір 2019 жылы Жефф Киннимен кездескенін және автордың Қазақстанға келуге ниетті екенін айтты.

Кітаптың бұдан бөлек тағы бірнеше бөлімін шығарған соң авторды арнайы шақырып, оқырмандарға ерекше кеш сыйлаймыз деп үміттенемін, — дейді баспа басшысы.

«Тентек балақайдың күнделігі» кітабының мұқабасы

«Тентек балақайдың күнделігін» қазақ тіліне аударған – Нәркез Берікқазы. Редакторы – Назгүл Қожабек.

Кітаптың бас кейіпкері – қарапайым оқушы Грег Хеффли. Ол басынан өткен алуан түрлі қызық оқиғаны күнделік ретінде жазып жүреді. Грегтің суреттегенін оқыған әр бала өзін таниды, сабақ алады.

Мәтіні жеңіл, суреттері тартымды, кейіпкерлерінен балалық аңғалдық пен тазалық лебі есіп тұрған кітапта әр оқушының басынан өтетін, ата-анамен, мұғалімдермен, сыныптастармен арадағы қатынас, жақсы мен жаманның байыбына бару, барды бар, жоқты жоқ деп түсіну эволюциясы сипатталған, — дейді Райса Қадір.

«Тентек балақайдың күнделігіне» Steppe & WORLD Publishing баспасының әлеуметтік желілердегі парақшалары (Facebook, Instagram) арқылы, сондай-ақ Whatsapp мессенджерімен +7 700 246 35 30 нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады. Оған қоса, «Меломан», «Қазына», «Мама, почитай», Сосоbee, «Книжный город, Knizhka.kz секілді кітап дүкендерінен сатып алу мүмкіндігі бар.