Қазақстанда дельфинарийлер жабылуы мүмкін

Бұл аяқ астынан пайда болған мәселе емес. Сондықтан оның шешілуі үшін белгілі бір уақыт керек. Халықаралық тәжірибелер ескерілуі қажет. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заңның жобасында дәл осы гуманизм принциптері негіз болады. Министрлік атынан осы мәселеге алаңдаушылық білдіріп, азаматтық ұстанымын танытқан адамдарға алғысымызды айтамыз, — деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.

Айта кетейік, қазақстандықтар дельфинарийлердің жабылуын талап етіп, петицияға қол қойып жатыр. Оған қазірге дейін 5 мыңнан астам адам қол қойған.