Облысытың баспасөз қызметі Рустам Әлидің еңбек жолы туралы жазды.
Ол 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану мамандығы бойынша (бакалавр, магистратура, докторантура), Ілияс Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Философия докторы (PhD). Бірқатар ғылыми зерттеу кітабының авторы және бірлескен авторы.
Еңбек жолын Алматыдағы «Деловая неделя» газетінің тілшісі болып бастаған. Кейін Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер, «Каспий» Орта Азия мен Кавказдағы этномәдени және геосаяси зерттеулер журналының Қазақстандағы ресми өкілі, «Деловая неделя» газетінің халықаралық бөлімінің редакторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы қызметтерін атқарған.
Одан кейін «Деловая неделя» газеті бас редакторының орынбасары, Талдықорғандағы «Жетісу жастары» МҚКК директоры, Ілияс Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың журналистика кафедрасының оқытушысы, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы, «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының» Алматы облысы бойынша филиалының оқытушысы болды.
2016 жылдың мамырынан Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған.