Гранттардың бөлінісі негізінен мына басым бағыттарға қарай тағайындалды: ақпараттық технологиялар, педагогика және құрылыс саласы. Қызылорда облысынан грантқа үміткер болған 3 058 талапкердің басым бөлігі техникалық мамандықтарды таңдаған. Олардың 980 талапкері педагогикалық, 356 түлегі медициналық бағытты таңдаса, 912 үміткер техникалық мамандықтарға таңдау жасаған. Ал 212 түлек ауыл шаруашылығы бағытына баруды көздейді. Оған қоса, 598 түлек өзге де бағыттағы мамандық иесі болуға бекінген.
Биылғы жылдың басты ерекшелігі – гранттар университеттерге емес, талапкерлерге беріледі. Демек талапкердің гранты негізінде университеттер студент қабылдайды. Бұл ретте гранттардың бөліну бағыты еңбек нарығындағы сұранысқа сай жүргізілген.
Айта кетейік, мемлекеттік білім беру грантымен қоса, Қызылорда облысы әкімінің 150 гранты бөлінді. Әкім атындағы грант арнайы категориядағы отбасынан шыққан, оқу үлгерімі жақсы талапкерлерге беріледі.