Ақан Сатаев «Она» атты фильм түсіріп жатыр

Психологиялық триллердің басты рөлінде Айсұлу Әзімбаева ойнайды. «Мен Айсұлу Әзімбаеваны «Көңілдес әйел» қойылымында көргенмін. Спектакльден кейін біз сөйлесіп, жаңа бір картина түсіруге келістік. Айсұлу — нағыз әртіс. Жаңа фильмнің идея авторы да өзі. Тимур Жақсылықов та біздің ойымызды қостады. Бұл біздің ортақ жобамыз. Бір жылдан соң жаңа «Она» фильмінің өндірісін бастап отырмыз. », — дейді Ақан Сатаев.

Түсірілім 2016 жылы 5 қарашада басталып, 29 қарашасына дейін Алматыда өтеді. Картина 2017 жылы көктемде шығады деп жоспарланған.

ДереккөзTengrinews