«Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың ашылуы туралы келісімді ратификациялау үдерісі жүріп жатыр. Қазақстанда Орталық-Азиялық өңірдегі халықаралық жобаларды, сондай-ақ қазақстандық жобаларды қаржыландыру бойынша шешімдер қабылдауға қолжетімділік бар», — деді ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған форумда Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Асланбек Әмрин.
Оның айтуынша, бұл орталық Ресей Федерациясында болған 20 жылда ресейлік тарап жобаларға 425 миллион доллар алды.
«Біз үш жылда ғылыми жобалар үшін 100 млн долларға дейін халықаралық гранттар тартуды болжап отырмыз», — деді вице-министр.
Айта кетейік, халықаралық ғылыми-техникалық орталық 38 мемлекет кіретін үкіметаралық ұйым болып табылады. Орталық ядролық қаруды таратпауға жәрдемдесу мақсатында 1992 жылы құрылған. Бастапқы кезеңде ЕЭҚ, РФ, АҚШ, Жапония арасындағы келісімдерге қол қойылды. Одан әрі оған Армения, Грузия, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Корея, Тәжікстан қосылды. Қазақстан 1995 жылдан бастап орталық мүшесі болып табылады. 2015 жылы ХҒТО аясында жалпы құны 18 млрд АҚШ доллар болатын 701 жоба, сондай-ақ сомасы 2,5 млн долларға ілеспе бағдарламалар жүзеге асырылды.