14 тамызда сағат 21.33-те күзетшіден әл-Фараби даңғылы, 176 үйде өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Алматы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары сол жерде, — делінген департамент хабарламасында.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-парақшасында өрттен зардап шеккендер жоқ екенін жазды.
«Қазақфильмде» өрт шықты. Аумағы 400 шаршы метр ошақ 23.10-да, екінші 200 шаршы метр ошақ 23.26-да сөндірілді. 53 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдары жойылып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД мен полицияға өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырдым.