Басты бет Жаңалықтар Министрлік 0-сынып оқушылары қалай оқытылатынын түсіндірді

Министрлік 0-сынып оқушылары қалай оқытылатынын түсіндірді

ҚР Білім және ғылым министрлігі 0-сынып оқушыларын пилоттық оқытуға қатысты қосымша түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz

Еліміз бойынша 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 0-сыныптарға мектепалды дайындықтың бірыңғай оқу бағдарламасын енгізу жоспарлануда. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2017 жылдан бастап пилоттық жоба аясында еліміздегі мектепалды дайындық топтарына, білім мекемелеріндегі мектепалды дайындыққа (0-сынып) бірыңғай оқу бағдарламалары мен бірыңғай базалық оқулықтарды енгізуді көздеп отыр.

Білім саласындағы тәжірибелі педагогтар мен ғалымдардың пікірінше, мектепалды дайындықтан бастап балалар «Әліппені» («Букварь») меңгеруі қажет.

5-6 жастағы балалар үшін «Әліппені» («Букварь») үйрету жүктемесі қазіргідей үш айдың ғана көлемінде жүргізілмей, оқу жылы барысында меңгеруге бағытталатын болады. Балалар әріптерді тануға, буындап оқуға, тыңдалған дыбыстық сөздерге талдау жасауға үйренеді.

1-сыныптан бастап жазуға үйрету басталады. Өйткені 5-6 жастағы балалардың ұсақ моторикаларды жазу үшін жеткілікті деңгейде дамымаған.

Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі 5-6 жастағы мектепалды дайындық балалары үшін интерактивті технологиялар негізінде балалардың қабылдауына ыңғайлы «Әліппе» («Букварь») оқулығын әзірлеуді бастады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version