Басты бетЖаңалықтарМинистрлік 0-сынып...

Министрлік 0-сынып оқушылары қалай оқытылатынын түсіндірді

Еліміз бойынша 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 0-сыныптарға мектепалды дайындықтың бірыңғай оқу бағдарламасын енгізу жоспарлануда. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2017 жылдан бастап пилоттық жоба аясында еліміздегі мектепалды дайындық топтарына, білім мекемелеріндегі мектепалды дайындыққа (0-сынып) бірыңғай оқу бағдарламалары мен бірыңғай базалық оқулықтарды енгізуді көздеп отыр.

Білім саласындағы тәжірибелі педагогтар мен ғалымдардың пікірінше, мектепалды дайындықтан бастап балалар «Әліппені» («Букварь») меңгеруі қажет.

5-6 жастағы балалар үшін «Әліппені» («Букварь») үйрету жүктемесі қазіргідей үш айдың ғана көлемінде жүргізілмей, оқу жылы барысында меңгеруге бағытталатын болады. Балалар әріптерді тануға, буындап оқуға, тыңдалған дыбыстық сөздерге талдау жасауға үйренеді.

1-сыныптан бастап жазуға үйрету басталады. Өйткені 5-6 жастағы балалардың ұсақ моторикаларды жазу үшін жеткілікті деңгейде дамымаған.

Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі 5-6 жастағы мектепалды дайындық балалары үшін интерактивті технологиялар негізінде балалардың қабылдауына ыңғайлы «Әліппе» («Букварь») оқулығын әзірлеуді бастады.

Дереккөзbaq.kz