Көпбейінді қалалық ауруханасы тамыз айының 10-нан бастап қалыпты жағдайға көшті. Бұл медицина мекемесі 19 маусым бен 3 тамыз аралығында халыққа провизорлық стационар қызметін көрсеткен. Аурухана эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты 10 тамыздан бастап жедел және жоспарлы келген науқастарды қабылдауды қайта бастады. Қабылдауға дейін 3-10 тамыз аралығында аурухана толық санитарлық тазартудан өтті.
Аурухана бұрынғы жұмыс жүйесіне көшкен күннен бастап, ауруханада 80-ге жуық науқас қаралып, оның ішінде 30 науқас көрсеткіші бойынша емдеуге жатқызылды. Кардиологиялық, терапиялық, гинекологиялық, травматологиялық, хирургиялық бейіндер бойынша науқастар жатқызылып, операция қажет ететін науқастарға операция жасалды.
Оған қоса, 11 тамыздан бастап амбулаторлы емханалар жолдамасы арқылы жоспарлы түрдегі науқастар портал бойынша ауруханаға жатқызылып жатыр
Айта кетейік, көпбейінді қалалық аурухана бұрынғы қалыпта аптасына 4 күн, яғни аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі күндері науқастарды шұғыл түрде қабылдап, жоспарлы емдейді.