Басты бетҚоғамҚызылорда облысының...

Қызылорда облысының тұрғыны дәрігерлерге алғыс білдірді

Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс!

Мен шілде айында дене қызуының көтерілуі, жөтел, ауа жетіспей ентігу, әлсіздік белгілерімен Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түстім. Ол жерге бара сала өкпемді рентгенге түсірді. Алғашқы түскен күні сатурация түсіп кетті, қатты әлсіздік болды. Дәрігерлер мен мейірбикелер оттегіні үзбей, керек дәрі-дәрмек салып, бақылауда ұстады.

Шүкір, күннен күнге сатурация көрсеткіші көтеріле берді. Бірнеше күн өткен соң кешегі күннен бүгінгі күнім жақсы бола бастағаны өзіме сезіле бастады. Шүкір, қазір үйге шықтым.

Осындай ел басына түскен қиын-қыстау кезеңде адам өмірі үшін күресіп жүрген ақ халатты абзал жандарға — дәрігер Нұрабаева Гүлзинат Нұрланқызына, мейірбикелер — Сүйінова Индираға, Ысқақова Аягөзге, Ысқақова Гулназға, Ысқақова Дарихаға, Ұзақова Динараға, Нұрһожаева Бағдатқа, Сейтжаппарова Меңсұлуға, Тажиева Аманатқа, Жұматаева Серіккүлге, Рахым Жазираға және кіші медицина қызметкерлері — Сақтағанова Гүлнарға, Оразмаханова Гүлжазираға, Алтынбекова Гүлмираға, Базарова Әлияға, Досағанбетова Айгүлге, Көбеева Жанатқа, Артыққызы Орынкүлге, Ержігітова Бақытжамалға шексіз алғысымды білдіремін!

Оған қоса, оттегі әкелген Молдашев Бақытжан ға, Ыбырай Нұрлан ға, Ыбрайымов Асылға, Рысбаев Есенге, Убайдулла Сұлтанбекке, Алтынбаев Саматқа, Жүсіпов Әбдіуәлгеі, Бейменов Фарзуға рахметімді айтамын!

Міндетін мүлтіксіз атқарып жатқан дәрігерлерімізді Алла қателестірмесін! Әрдайым ел ризашылығына бөленіп, ауырмай-сырқамай жүре берсін!

Қуаныш, сәттілік, табыс, мықты денсаулық тілеймін. Жүректе әрдайым мейірім оты сөнбесін!

Ізгі ниетпен емделуші З. есімді азаматша.