Басты бетҚоғамАлматы облысы...

Алматы облысы бас санитар дәрігеріне тергеу жүргізіледі

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook-тегі парақшасында айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желіде және БАҚ беттерінде тараған Алматы облысының бас санитар дәрігерінің жергілікті базардың өкілдерімен кездескен кездегі видеосын қарап шықты. Министр тұрғындармен келісе отырып, мұндай әрекет мемлекеттік қызметкерге сай емес деп есептейді, — деп жазды Бағдат Қожахметов.

Талқылау нәтижелері қосымша хабарланады.

Айта кетейік, Ерғали Сыдыманов бірінші жұмыс күнінде Талдықорғанның тұрғындарымен кездескен еді. Шенеуніктің сөйлеген сөзін тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.