Басты бетЖаңалықтарҚазақстан 118...

Қазақстан 118 елге тауар экспорттайды

Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның өңдеу өнеркәсіптері қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, қара, түсті металлургия, химиялық және фармацевтикалық өндірістік секторлардың өзінде де өсу байқалады.

Қазіргі кезде Қазақстан дүние жүзінің 118 мемлекетіне 800 түрлі тауар экспорттайды.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қазақстанның сауда сөрелеріндегі тауарлардың басым бөлігі шетелдік тауарлардың үлесінде, ал отандық тауарларды сыртқы нарыққа шығару іс-шаралары тек қана шетелдерде ақпараттық-жарнамалық стендтер ілумен, көрмелер, сауда миссияларын өткізумен шектелген.

Дереккөзnaryk.kz