Басты бетҚоғамҚазақстанда алдағы...

Қазақстанда алдағы 3 тәулікте жауын-шашынды болады

«Қазгидромет» синоптиктері 13-15 тамыз күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы 3 күн ішінде оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне ауысады және ауа райы құбылмалы болады.

Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және шығыста кей жерлерде толассыз жаңбыр жауады. Атмосфера фронттарының өтуіне байланысты кей жерлерде дауыл тұрады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста және солтүстікте тұман түседі. Тек еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, — деп хабарлады мамандар.