Басты бетҚоғамАрал ауданында...

Арал ауданында эпидемиология жағдайы тұрақталды

Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов Арал ауданына жұмыс сапарымен барды. Әуелі Арал ауданаралық ауруханасының қазіргі жағдайымен, провизорлық, инфекциялық стационар жұмысымен танысты.

210 төсек орынға арналған Арал ауданаралық ауруханасында 1 440 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда 100 провизорлық төсек-орын, 20 инфекциялық төсек-орын бар. Қазіргі таңда провизорлық стационарда 18 науқас емделіп жатса, инфекциялық стационарда ем алып жатқан науқас жоқ. Коронавирус тарала бастағаннан бері провизорлық стационарда аудан бойынша 225 науқас, инфекциялық стационарда 52 науқас емделіп шықты. Ауруханада тоғыз өкпені жасанды желдету аппараты, 33 оттегі концентраторы бар.

Сәбит Пазылов Сексеуіл ауылдық ауруханасына да барды. 25 төсек-орынға арналған бұл ауруханада 15 емдеу бөлімі, 10 балалар бөлімі бар. Оған қоса, 20 провизорлық орын ашылған. Медицина ғимаратында 40 қызметкер жұмыс істейді. Ауруханада айына 70 науқасқа дейін жоспарлы және шұғыл емделіп шығады. Вирус таралғалы бері провизорлық стационарда 60 науқас емделген, ауылдық ауруханада төрт оттегі концентраторы бар.

Қызылорда облысы Ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, бүгінде Арал ауданында жағдай тұрақты. Сәбит Пазылов ауданда коронавирустен емделіп жатқан науқастың аз екені қуантарлық жайт екенін айтты. Дегенмен босаңсымай, вируспен жан аямай күресу керек екенін де ескертті.