Басты бет Жаңалықтар Б.Мусин: ҚР-да ауылдық жерлердегі пошта бөлімшелерін автоматтандыру 67%-ға жетті

Б.Мусин: ҚР-да ауылдық жерлердегі пошта бөлімшелерін автоматтандыру 67%-ға жетті

Ауылдық жерлердегі пошта бөлімшелері 67%-ға автоматтандырылған, деп мәлімдеді бүгін «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин ҚР Парламенті Мәжілісінде «Пошта туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

«Ағымдағы жылы ауылдық жерлердегі пошта бөлімшелерін автоматтандыру бойынша санды 67 пайызға дейін жеткіздік», — деп баса айтты ол.
Оның айтуынша, 2017 жылға дейін ауылдық жерлердегі пошта бөлімшелері 100% автоматтандырылады. Сондай-ақ, ол үдерістерді автоматтандырудың арқасында пошта саласындағы жымқырулар саны қысқаратынына сенімді.
Өз кезегінде, инвестициялар және даму вице-министрі ауылдық жерлердегі бөлімшелерде 7 600 пошташы жұмыс істейтінін және «Қазпошта» бөлімшелерінің 72%  жуығы ғимаратты жалға алу жағдайында қызмет ететінін, 10% апатты жағдайда екенін айтып өтті.
Ведомство басшысы орынбасарының сөзінше, жыл сайын «Қазпошта» АҚ қызметіне 6 млрд теңгеге жуық инвестиция салу жоспарланған.
Фото:ortcom.kz

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version