Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы қаласы, Алматы түні
Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар

Яғни жақсы фото жасау үшін тоқсан фотоаппарат, елу объектив болуы міндет емес. Локация іздеп, шарқ ұрмауға болатынын да ұмытпаңыз. Сәтті суреттің кепілі — идея мен креатив. Қиялға еркіндік беріңіз.

Baribar.kz тілшісі Алматыдағы кез келген адам әдемі фото түсіре алатын орындарды ұсынады.

Көкбазар

6e2567756d6285ba37f4a70a1af75216 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Түрлі-түсті киім мен өрнектелген кілемдер ілінген қатар, қызыл-жасыл көкөніс пен көздің жауын алатын жеміс-жидек сатылатын орын — табиғи, қанық түсті фотосурет үшін таптырмас фон. Көкбазарды аралап, осындай бір емес, бірнеше локация табуға болады. Тек фотографтың тапқыр болғаны, модельдің өзін еркін сезініп, қысылып-қымтырылмағаны қажет.

Мекенжайы: Жібек жолы даңғылы, 53, Көкбазар.

Вознесенск шіркеуі

e1acffc64775cad8fbc0a2763fabadf8 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Вознесенск шіркеуін кадрға толық сыйдыру үшін фотоаппаратты төменнен жоғары қарай бағыттаған дұрыс. Ал көгершіндер мен безендірілген ат арба кадрдың қызық әрі әдемі шығуына көмектеседі.

0c91907e29a8efbaa17f8d42de76ef7d Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
4e58919d30a0789a32028c656ae831e2 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мекенжайы: 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақ.

Қазақ-Британ техникалық университеті

5b56f1219814cc3344cf268329524e7b Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақ-Британ техникалық университеті кіреберісіндегі биік бағандар – лайфстайл стилімен қоса, love story түсіру үшін де қолайлы орын.

31aa09bdf64df70e2fbcb5d56e14b84d Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
a8cd44dc06ae05509203d0e1f52d6d29 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мекенжайы: Төле би көшесі, 59, ҚБТУ.

«Столичный» орталық гастрономы маңы

ddc6a72146212bfed9295fab1f3d87a4 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1bac78df72e3a7c474efd241da75a8fe Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Адам аяғы аз, тыныш әрі кішігірім көпірі мен қыз мүсіні бар бұл жер «Столичный» орталық гастрономының жанында орналасқан. Локацияда lovestory стилінде фотосессия жасауға болады.

78e75ce69c5fc2d0b319b6845791049a Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
02bb3c20e7316068a86681fdaf728bd0 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мекенжайы: Абылай хан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы.

Кафе

74e9bee33762f072fa1145f44cf55fba Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Лайфстайл мен стритфото стиліндегі эмоцияға толы ерекше сессия жасау үшін кез келген көше кафесін таңдауға болады.

afcc249bb3a29182b596c34a9879e66e Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мекенжайы: Кез келген көше кафесі

Тұңғыш Президент саябағы

3d4f7909adbfbd7fc5ad6b6aeda756ed Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
7de175adfc08ff615032b8f38338d55f Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Тұңғыш Президент саябағы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
92c3c7de801a32d1da71aa3a394663aa Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жапон бағы — әдемі кадрыңыздың кепілі. Күншығыс елі стиліндегі орындықтар мен шамдар, гүлзарлар мен көгалдар, мәңгі жасыл ағаштар көздің жауын алады.

2911c0b457b943010eb08afdb8b8123b Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Фотосессияңыз барынша әсерлі шығуы үшін жапон халқының ұлттық киімі мен әшекейін, сол стильдегі макияж бен қолшатыр сияқты қосымша бұйымдарды пайдалануға кеңес береміз. Саябақтың соңына қарай бағыт алсаңыз, шығыс стиліндегі шатырлы орындықтарды кездестіресіз. Мұндай сұлу көрініс пен Іле Алатауынан соққан салқын самал сізді ерекше күйге бөлері анық.

53e1c5c2e73f9020ea7c0bba622f0dc7 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
8b91b4d6e5b9b591929aae91630411c1 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
8a97b136c543cac4fb6d23af46938d80 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
2ca10716adb1ea4a8002179739447e31 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мекенжайы: Науаи мен әл-Фараби көшелерінің қиылысы.

«Нұрлы Тау» тұрғын үй кешені

e77ecc54f09b8768c3618dd7475a40e6 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
937c418c97d220a51a4c400a21ffede8 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1b9923e09451908cee00193b869f0315 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Терезелі биік ғимарат — нағыз сәтті кадр жасайтын жер. Ал таңертең және кешке келсеңіз, алып әйнекке шағылысқан аспан бейнесі фотоның әсерін арттыра түседі.

1e1861a853d36ac51cb87700b89b659c Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
b652201a27f40a8e0c9b3553b7695ab0 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
a7ebc1db191229c12e0dcfbc84919de9 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мекен-жайы: әл-Фараби көшесі, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы

The Ritz Carlton қонақүйі мен Esentai Mall тұрғын сауда орталығы

bd4201e1281a1784951b3821090ab18f Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
51a9fcd9f2d2b9bb328451909b0d410d Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
b410578dcc1a275a35b6774035fe8a9c Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматы символына айналған бұл ғимараттардың ассиметриялы, қанық түсті терезелері көк аспанмен шектесіп жатыр. Балалар ойын алаңы, жап-жасыл көгал, тағы басқа алуан түрлі ерекше детальдар отбасылық, лайфстайл және үйлену тойы фототүсіріліміне арнап жасалғандай.

Мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 77/8.

Көк-Төбе

90219f8bbf2fd5a47e7414636fbf1eb8 1 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Көк-Төбеден қарағанда. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
669c8defb3e141c8af043ef1fd06a853 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Аспалы жолмен әуе трамвайы арқылы көтеріліп, биік таулардың әсем көрінісінен ләззат алатын, Алматының ең сұлу жерлерінің бірі – Көк-Төбе!

Метро

f9a151b28c18b62823004e2861cb6151 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Еліміздегі алғашқы әрі жалғыз метрополитен Алматыда орналасқан. Фондағы пойыздың жылжуы басты объектіге назар аудартуға көп әсер етеді. Ең бастысы, қауіпсіздікті ұмытпаңыз!

b271e373669c8337e7c57cdf74bb7a51 Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
07d9d343067856c76029c2d14bed5dcc Алматыдағы кез келген адам фотосессия жасай алатын локациялар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Біз ұсынған орындар — алысқа кетпей-ақ, қала ішінде керемет кадрлар жасауға арналған локациялар. Ал астыңызда көлік, профессионал деңгейде суретке түсуге мүмкіндік беретін құрал-жабдығыңыз бен құлшынысыңыз болса, мына орындарға баруға кеңес береміз:

  • Шымбұлақ;
  • Үлкен Алматы көлі;
  • Ой-Қарағай;
  • Қапшағай;
  • Шарын шатқалы;
  • Кім-Асар шатқалы;
  • «Ариал» гольф клубы;
  • Көк-Жайлау;
  • Көлсай;
  • Көмірші шатқалы, Асы үстірті;
  • Есік көлі;
  • Көкнәр жазығы;
  • Іле өзені жағасы мен Көшпенділер қамалы;
  • Алакөл;
  • Алтын-Емел ұлттық паркі;
  • Айғай құм;
  • Медеу.

Мақала туралы ойыңыз?