Пластик секілді тұрмыс һәм өндіріс қалдықтарының зияны туралы жиі айтылады. Алайда алуан түрлі жоба-бастаманың жүзеге асырылуына, мемлекеттік және халықаралық деңгейде шаралар қабылданып жатқанына қарамастан, адамзат қоршаған ортаға зардап әкелетін дүниелерден толық арылып,  «тәуелсіздік» ала қойған жоқ. Ал экобелсенділер мен осы саланың басы-қасында жүрген мамандар проблеманың тым өзекті әрі өте ауқымды екенін айтады. Мәселен, пластик жер астында бірнеше ғасыр бойы шірімей жата береді. Шыны қалдықтар да мыңдаған жыл мұрты бұзылмай, сол қалпында қалады. Керексіз деп қоқысқа тастаған электр тауарларымыз (ескі телефон, ноутбук детальдары, тағы басқа) қорғасын шығарып, табиғатты ластайды; өртесең, көмірсутек бөлшектері мен күйе бөледі. Электр жабдықтарында кездесетін пластик жанса, ең күшті канцероген — диоксин мен фуран шығарады. Мұндай процестердің қатері зор, мәселен, қоқыс полигонында арнайы құралдар болмаса, қауіпті заттар сіз бен біз ішіп отырған жер асты суын былғауы мүмкін. Сондықтан тұрмыс қалдықтарын дұрыс сұрыптай білу қажет. Baribar.kz Алматыдағы тұрмыс қалдығын қабылдайтын, қайта өңдейтін компаниялар туралы әңгімелейді.

Тұрмыс қалдығын қайда өткізуге болады?

Kazakhstan Waste Recycling ұйымы Kazakhstan Kagazy PLC компаниясының негізінде 2014 жылы құрылған. Содан бері макулатура және қайталама шикізат өңдеумен айналысып келеді. Kazakhstan Waste Recycling Алматыда қағаз-картон, пластик бөтелке және түссіз шыны ыдыстарды қабылдайтын 26 пунк ашқан.

Кез келген өнімнің сыртында материал коды болады. Код үшбұрыштың ішінде сан немесе әріппен жазылады. Kazakhstan Waste Recycling компаниясы мына инфографикада көрсетілген материалдарды қабылдайды:

Rocket Plastic компаниясы пластикті қайта өңдеп, одан жиһаз бен үйдің декорациясына қажет заттарды жасайды. Бүгінде Rocket Plastic-тің үстелдері сұранысқа ие.

View this post on Instagram

Как вы знает, в прошлом месяце, 21 сентября весь мир отмечал Международный день уборки(World Clean Up Day), мы тоже не остались в сторонне и организовали корпоративный эко-субботник для работников @sberbank_kz. Местом для уборки было выбрано ущелье Аю-Сай, ещё его называют Три Медведя. Излюбленное место отдыха для жителей и гостей г. Алматы. К сожалению, не все отдыхающие убирают после себя мусор, оставляя пакеты с остатками еды, которые местные собаки растаскиваются по всему ущелью. Команда из работников Сбербанка и небольшая группа волонтеров из Rocket Plastic и наш друг @timur_yeleussizov, собрали около 15 мешков с различными видами отходов и передали все на переработку в @kazakhstan_waste_recycling_kwr. Это наша общая маленькая и временная победа, но мы не должны забывать главного: чисто не там, где убирают, а там где не сорят! Благодарим работников @sberbank_kz за участие и вовлечённость! @ile_alatau_nationalpark за возможность организации эко-субботника @kazakhstan_waste_recycling_kwr за вывоз отходов! Волонтёров Rocket Plastic за участие и помощь! Из собранного пластика мы создали небольшую урну, которая, отныне будет стоять в офисе Сбербанка в память об этом замечательном дне!

A post shared by Переработка пластика (@rocketplastic) on

Компанияның қала ішінде пластик салуға болатын жәшіктері бар. Тұрмыс қалдығын компанияның кеңсесіне апарып өткізуге де болады. Rocket Plastic 1, 2, 4 және 5 деген жазуы бар пластиктерді қабылдайды.

Rocket Plastic
Инфографика: Rocket Plastic

 

Zeta — жиһаз, пластик пен металл өндіретін компания. 1996 жылдан бері жиһаз жасап келеді. Қазақстанның 26 қаласында 49 дүкені бар. Компания тұрмыс қалдығының мына түрлерін қабылдайды:

Zeta
Инфографика: Zeta

«Тепло» әлеуметтік қайырымдылық қорының қара жәшіктері Алматыдағы бірнеше сауда орталығында қойылған. Оған өзіңіз керексіз деп тапқан киім-кешек, кітап, аяқкиім мен сөмке салуға болады. Ең бастысы таратқан дүниеңіз басқалардың пайдалануына жарауы және таза болуы керек. Жиналған киім-кешекті ұйым өкілдері мұқтаж отбасыларға, балалар үйі мен әлеуметтік көмек орталықтарына жеткізеді.

Сонымен қатар киім мен текстильді H&M дүкеніне де өткізуге болады. Оны компания қайта өңдеп, пайдаға жаратады. Киім өткізген клиентке бренд жеңілдік те береді.

ПромТехноРесурсKz электрон және электр жабдықтарын өңдейтін компания. Алматы бойынша  19 жерге тұрмыс қалдығын тастауға арналған көк жәшік қойған. Батарея мен істемей қалған құлаққаптан бастап power bаnk-ке дейін өткізе аласыз. Сонымен қатар бұл компанияның тоңазытқыш, кір жуатын машина сияқты ауыр техниканы үйден алып кететін қызметі де бар. Компания өкілдері бұзылған, қажетсіз дүниені еш ақысыз үйден алып кетіп, қайта өңдеуге жібереді.

ПромТехноРесурсKz
Фото: Sxodim.com

Бұл ұйымдардың қызметін тұрақты қолдану үлкен маңызға ие. Себебі олар шикізатты қайта өңдейді, қоршаған ортаға зиянын тигізетін заттардың қоқыс полигонына түсуіне жол бермейді.

Тұрмыс қалдығын қабылдайтын орындардың мекенжайын, қай дүниені қайда өткізуге болатындығы туралы ақпаратты Ecocity мобильді қолданбасынан білуге болады.

Сонымен қатар қажетсіз зат пен киімді «Делай доброе дело«, «Клуб добряков« сияқты ұйымдарға өткізуге болады. Ең бастысы, бергіңіз келген дүние таза, киюге және пайдалануға жарамды болуы керек. Бұл жобалар қайта өңдеумен айналыспаса да, заттарды мұқтаж жандарға таратады.

Кез келген бұйымды, тұрмыс қалдығын қоқысқа тастамай тұрып, қалай пайдаға жаратуға болатынын ойластырып көріңіз. Мәселен, ескі жиһаз бен техникадан тезірек құтылғыңыз келсе, фильм немесе сериал түсіретін шағын командаларға хабарласуға болады: кино саласында жүрген мамандарға ескі теледидар, жиһаз, киім-кешек және тағы басқа заттар қажет болуы мүмкін.