Президент: «Абай­тану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазір елімізде абайтанумен айналасатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығы бар. Осылардың жұмы­сын жүйелеп, Нұр-Сұлтандағы Абай акаде­миясының төңірегіне топтастырған жөн.

Академия барлық зерттеу меке­месінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады, — деп жазды ол.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта гуманитарлық пән­дер­дің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абай­тану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек екенін айтты.

Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абай­та­ну» оқулығы мен хрестоматиясын әзір­леу қажет. Сондай-ақ Абайдың «толық адам» ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс, — деп жазды Президент мақаласында.