Нұр-Сұлтанда жаңа арбат салынады

Tengrinews.kz-тің мәліметінше, арбатта және басқа да көшелерде субұрқақ салу жоспарланған.

Омаров жаңа жаяу жүргіншілер көшесінде 2 субұрқақ салынады. Бүгінде бұл көше Республика даңғылынан Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыка драма театрына дейін абаттандырылып жатыр. Біріншіден, Әуезов көшесіне дейінгі аймақ биыл бітеді. Бейбітшілік көшесіне дейінгі бөлік жоспар бойынша келесі жылы аяқталады, — делінген Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында.

Жоба бойынша Республика даңғылынан Әуезов көшесіне дейін субұрқақты қайта құру қарастырылған. Жаңа субұрқақ кешені «Халық Достығы» монументінің айналасында салынады. Сол жерде жасанды ағын пайда болады. Ағынның бойында су аттракциондарын да салу жоспарланған.

Тағы бір субұрқақ Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыка драма театрының қасына салынады. Бұл аумаққа шағын сәулет нысандары, инсталляциялар, веложол, көлеңкелі шатырлар қойылады. Сонымен қатар сауда павильондарын, ойын аймақтары мен балалар алаңдарын салу қарастырылған.

Бұл жұмыс «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспары аясында жүзеге асып жатыр. Ол жаяу жүргіншілерге жағдай жасау, жасыл желек пен веложолдар санын ұлғайту, көпірлер, қоғамдық кеңістік салуды қарастырады.