Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Денсаулығына байланысты маска таға алмайтындар не істейді?

Иллюстрация: Dribbble.com/©Anastasia Golikova

Маска тағу тәртібі санитар ережесінде көрсетілген, министр бұйрығымен бекітілген. Масканы 5 жасқа дейінгі балалар, бес адамнан көп емес болып, таза ауада спортпен айналысып жүргендер тақпайды, — деді Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова онлайн брифингіде.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов азаматтарға қандайда бір ауруының бар екенін растайтын құжатты жанында алып жүруді ұсынды.

Масканы мүгедектігі бар азаматтар мен денсаулығында проблемасы бар балалар тақпаса болады. Мұны да бұған дейін жариялаған едік. Ата-анасы сондай құжатты алып жүргені дұрыс. Ондай құжат жанында болмаса, әрине, санитар инспекциясы мен полициядан тұратын мониторинг тобы оған түсіністікпен қарайды, — деді Бағдат Қожахметов.

Exit mobile version