Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 2,2...

Қазақстанда 2,2 миллион адам 21 250 теңге алды

7 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша осы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 миллион 480 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем мөлшері ең төменгі жалақы — 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 227,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 миллион 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ең төменгі жалақы — 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды, — делінген ведомствоның хабарламасында.

Төлем 2 миллион 249,1 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 227,1 мың қазақстандыққа аударылды.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ең төменгі жалағы немесе 63 750 теңге (42 500 теңге + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.