Жас талант Михаил Осипов небәрі үш жаста болғанына қарамастан, шахматты өте шебер ойнай алады.
«Не нәрсеге қызығасың?» деген жүргізуші сауалына ол, «шахматқа» деп жауап береді.
«Оның қорапшасындағы шахмат тастарының сылдырлағанына емес, жүргеніне қызығамын» дейді вундеркинд.
Уақыт бітуге тақаған кезде, Анатолий Карпов балаға ұтылып бара жатқанын айтып, тең түсуді ұсынады. Алайда вундеркинд бұл ұсыныстан бас тартады.