Карантин мен төтенше жағдайдың негатив әсерін азайту мақсатында жоба аясында 500 азық-түлік қорабы мен балалар киімінің жинақтамасы жеткізілді. Ұлы Отан соғысының жеті ардагеріне көмек көрсетілді, Нұр-Сұлтан маңындағы ауылдарда тұратын 140 отбасыға 400 бройлер балапандары мен көкөністердің көшеттері таратылып, көпбалалы аналар мен табысынан айырылған 100-ге жуық қыз-келіншектерге жаңа кәсіпті үйрету мақсатында аспаздық курстары ұйымдастырылды.
Qolda жедел көмек жобасы 27 сәуірде іске қосылды. Нұр-Сұлтан және Алматыдағы 11 үкіметтік емес ұйым грант иегерлері атанды. Осы уақытта тірек-қимыл жүйесінің ауруы бар адамдар, I, II, III топтағы мүгедектігі барлар, аутрич-қызметкерлердің балалары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, көпбалалы және жалғызбасты аналар, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған отбасылар қамтылды. Жоспар бойынша оларға қыркүйек айына дейін көмек көрсетіледі.
«QAREKET Жақсылық жаса» қоғамдық қорының өкілдерімен аспаздық шеберлігін үйрету курстары ұйымдастырылды. Бұл сабақтар қыз-келіншектерге жаңа кәсіпті меңгеріп, табыс табуға мүмкіндік береді. Есірткі қолданатын адамдарға 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алуға көмек көрсетілді. Ал «Дос» Тәуелсіз өмір» МҚБ өкілдері мүгедектігі бар жандарға денсаулықты сақтап, рухын түсірмеуі үшін телефон арқылы психологиялық консультация өтеді.
«Qolda» жедел көмек жобасы аясында карантин кезінде адамдарға ақпарат жағынан көмектесу мақсатында бірқатар кеңестер жиналған электрон брошюралар топтамасы БАҚ мен Орталық Азияның Еуразия қорының әлеуметтік желілерінде жарияланды. Брошюларды Instagram (efca_kz) және Facebook-тегі (Eurasia Foundation of Central Asia) ресми парақшалардан көруге болады.
Сонымен қатар БАҚ өкілдері Qolda жедел көмек жобасы туралы ақпаратты жариялап, жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.
Qolda жедел көмек жобасы Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан мен Алматының тұрғындарына карантиннің негатив әсерін азайту мақсатында жоба ұйымдастырып отыр.
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) — 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматтардың болашағын құруға белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» корпорациясы — әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі, 100-ден астам елде жұмысын атқарады және мұнай-газ саласының барлық саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар компания жаңартылатын энергия мен алдыңғы қатарлы технологияларды дамытуға инвестиция жасайды. «Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке мұнай компаниясы және елдің ең ірі екі кен орны — Теңіз және Қарашығанақта маңызды үлестерге ие. Корпорация — Каспий Құбыр Консорциумындағы ең ірі жеке акционер.