Басты бетҚоғамКеген ауданында...

Кеген ауданында көпбалалы отбасыларға баспана кілті табысталды

Тұрғын үй кілтін кезекте тұрған отбасылармен қатар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагер ана Рысалды Малдыбекова да иеленді. Салтанатты шарада құқық саласының бір-бір қызметкері де үйлі болды. Баспана кілтін табыстаған Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов мереке күні шаттыққа кенелген отбасыларға жақсылық тілеп, жылы лебізін арнады. Мұндай игілікті іс алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

Аудан орталығынан алдағы уақытта 36 тұрғын үй салынбақ. Есте қалар сәтте тұрғын үйлерді салумен айналысқан «СЕМ ШОҒЫ» құрылыс сервис» ЖШС-нің директоры Серік Жазықбаев сөз алып, аудан әкіміне естелік кілтті тапсырды. Баспаналы болу бақытына кенелген Тимур Айтжанов осындай қолдау мен қамқорлық үшін Мемлекет басшысына, облыс, аудан әкіміне жүрекжарды алғысын арнады.