НВО сарапшысы Головкинді «2015 жыл боксшысы» деп атады

Сарапшының мәлімдеуінше, оған Головкиннің күрделі әрі жекпе-жекті жиі өткізуге деген ынтасы ұнайды. Ледерманның айтуынша, боксшылардың көпшілігі жылына бір немесе екі кездесу өткізумен шектеледі, ал қазақстандық боксшы 2015 жылы үш рет жұдырықтасып үлгерді. «Головкин бұл жылды Мартин Мюрреймен жекпе-жек өткізіп бастады және оны 11-раундта нокаутқа түсірді. Осыдан кейін ол Калифорнияда кіші Вилли Монроны алтыншы раундта жеңді. Содан кейін біз оның Давид Лемьеге қарсы өткізген керемет кездесуінің куәгері болдық. Биыл Головкин үшін ұлы жыл болды. Ол орта дивизионның шыңында тұр және мен бұл дивизионда оны жеңе алатын адамды көріп тұрған жоқпын. Келесі жыл да керемет болады деп үміттенемін», — деді Ледерман.
Айта кетейік, 2015 жылдың қорытындысы бойынша, International Business Times тұжырымымен қазақстандық боксшы салмақ дәрежесіне қарамастан (Pound-For-Pound) әлемнің ең үздік боксшыларының рейтингінде көш бастады. Сонымен қатар, Американың атақты USA Today басылымы қазақстандық боксшыны «2015 жылдың үздік спорт суреттері» топтамасына қосты.

Дереккөзtengrinews.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болды

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Теңіз кен орнының аумағында газ бөлу кешені салынады

KMG PetroChem мен Теңізшевройл газ бөлу кешенін салу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жазушы Бейбіт Сарыбай: Балаларым мінезімді өзгертті

"Әке мен бала" айдарының қонағы - жазушы Бейбіт Сарыбай. Baribar тілшілері демалыста жазушының үйіне барып, отбасымен әңгімелесіп қайтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының қоғамдық көлік жүйесімен танысты

Президент «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС басқаратын ONAY электрон билет сату жүйесімен және Алматыдағы қоғамдық көліктерді диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысты.

Президент саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығына барды

Президент ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

3 маусымда Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің Omir жаңа музыкалық бейнебаяны көрсетілді. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.