Маска тақпаған адамдарға айыппұл қалай салынады?

  • Карантин режимін (әлеуметтік қашықтық, адамдар көп жиналатын жерде маскасыз жүру және тағы басқа) сақтамаған азаматтарға қатысты әкімшілік істі жүргізу және дәлел базасын жинаумен ішкі істер органдары және мониторинг топтар құрамындағы жергілікті полиция қызметі айналысады. Кейіннен олар ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғау үшін материалдарды Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
  • Ал мемлекеттік органдар мен ұйымдардың карантин режимі кезінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары, бостандықтары, заңды мүдделерінің сақталуын прокуратура органдары қадағалайды.
  • 5 шілдеден бастап қызметін қайта бастаған әртүрлі меншік нысанындағы объектінің жұмысына, сонымен бірге тұлғалардың карантин талаптарын сақтауына тексеріс жүргізу мақсатында өңірлерде 779 мониторинг тобы құрылды, олардың құрамына полицейлер, әкімдік өкілдері, «Атамекен» ҰКП, санэпидқызмет органдарының қызметкерлері мен волонтерлер кіреді.