Басты бет Жаңалықтар Ағылшын тiлiнде пән жүргiзетiн мұғалімдердің жалақысы өседi

Ағылшын тiлiнде пән жүргiзетiн мұғалімдердің жалақысы өседi

Бүгiн Сенатта 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң жобасы талқыланды. Бюджеттiң жобасында үштiлдiлiк жүйесiне көшуге байланысты пәндердi ағылшын тiлiнде жүргiзетiн ұстаздардың жалақысын өсiруге қаражат қарастырылған.

Бұл туралы Сенат депутаты Владимир Редкокашин айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

2019-2020 жылы үштiлдiлiк оқу жүйесi аясында жоғары сыныптарда мектептiң таңдауы бойынша «Информатика», «Химия», «Биология», «Физика» пәндерiн ағылшын тiлiнде оқыту жоспарланып отыр.

 «Сондай-ақ бюджет жобасында пәндердi ағылшын тiлiнде жүргiзетiн ұстаздардың жалақысын өсiруге қаражат қарастырылған. Қосымша үстемеақы 2 базалық лауазымдық еңбекақыны құрайды, яғни ағылшын тiлiнде пән жүргiзетiн ұстаздың жалақысы 35 мың теңгеге артады», — дейдi Владимир Редкокашин.

Жалпы, 2017-2019 жылдарға арналған бюджетте бiлiм беру жүйесiн қаржыландыруға 1 трлн 92 млрд теңге көзделген. Оның iшiнде 2017 жылы 435, 9 млрд теңге бөлiнедi. Қаражат мамандарды дайындауға, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, нысандардың құрылысына, дарынды балаларды оқытып, тәрбиелеуге, блiм беру жүйесiн үштiлдiлiк жүйесi аясында әдiстемелiк қамтамасыз етуге, талдамалы зерттеулер жүргiзуге бағытталады.

Сондай-ақ, 2017 жылы зейнетақы көлемi 9 пайызға артады. Барлық әлеуметтiк жәрдемақы түрлерi 7 пайызға өседi. Жалпы зейнетақы мөлшерi орташа алғанда 60 167 теңгенi құрайтын болады.

Ал денсаулық сақтау саласы бюджетiнiң 90%-ы кепiлдендiрiлген тегiн медициналық көмек көрсетуге жұмсалады.

3 пікір

  1. Барып тұрған масқара! Ағылшын тілді мұғалім — бәйбіше, қазақ тілді мұғалім — тоқалдың кебін киіпті.Ақылға — сыйымсыз нәрсе.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version