Басты бетҚоғам2 миллионнан...

2 миллионнан астам азаматқа 42 500 теңге төленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, төлем 2 миллион 80 мың адамға тағайындалды, 2 миллион 58 мың азаматқа аударылды.

Сақтандыру қорынан төлем алуға өтініштер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 мииллион 300 мыңнан астам өтініш ішінде:

– 833,3 мың адам проактив форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 578,9 мың адам Egov.kz порталы және Telegram-боттар арқылы;

– 314,6 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 595,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобайл қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаты бойынша:

– 833,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактив форматта);

– 186,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 миллион 302,8 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Айта кетейік, 2020 жылдың шілде айында карантин шараларының күшеюіне байланысты табысынан айырылған Қазақстан азаматтарына ең төмегі жалақы — 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем беріледі.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

42 500 теңге туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап