Аргентиналық «Ривер Плейт» жанкүйері Мессидің бетіне түкіріп жіберді

«Барселона» футболшылары Йокогама қаласындағы жеңістен соң жайсыз оқиғаны бастан кешірді.

Токио әуежайында аргентиналық «Ривер Плейт» командасының жанкүйерлері тері басылар-басылмастан Испанияға жолға шыққалы тұрған футболшылардың ар-намысына тиді. Ал жеңіліс тапқан команданың бір жанкүйері жетіп барып, Аргентина тумасы Лионель Мессидің бетіне түкіріп жіберді, деп хабарлайды Marca.

Оқиға әуежайдың төлқұжат бақылауы аймағында тіркелді. Енді болмағанда, шиеленісіп кетуі мүмкін болған жағдайға «Барселонаның» бас бапкері Луис Энрике мен команданың бірнеше ойыншысы араласып, қызуқанды футболшыға басу айтты.

Сүйікті командасының ұтылып қалғанына жаны күйген аргентиналықтар әуежайға «ұр да жық» көңіл-күйде жаппай жиналыпты. Олар бір кездері осы аргентиналық «Ривер Плейтте» өнер көрсетіп, тәрбие алған Мессиді жетістіктері үшін кімге міндетті екендігін ұмытқанын айтып, айқай салды.

Фото:marca.com

Дереккөз24.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматыда үш қабатты дәмхананың шатыры өртенді

Алматыда үш қабатты дәмханадан өрт шықты. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Қазақстанда халық кезек күтпеуге мүмкіндік беретін сервистер енгізіледі

Елімізде азаматтар мен бизнес үшін бірқатар жаңа цифрлық сервисті іске қосу және «Электрондық үкіметтің» архитектурасын жаңғырту жоспарланып отыр.

Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.

Қазгидромет тасқын қаупіне байланысты ескерту жасады

Қазақстанның төрт облысында өзендер тасып, су басу ықтималдығы бар. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. 

Президент ҚХР Шыңжаң өлкесінің басшысын қабылдады

Президент ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады.

Жаңбыр, тұман, жел: 28-30 наурыз күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.