Басты бетЖаңалықтарАқтөбеде ұстазын...

Ақтөбеде ұстазын балағаттаған оқушыға айыппұл салынды

Ақтөбеде бір мектептің ұстазы оқушысын сотқа берген. Оған себеп — 10 сынып оқушысы мектеп дәлізінде мұғалім әйелді балағаттаған. Оқушы кәмелеттік жасқа толмағандықтан жауапкершілікке оның заңды өкілі, яғни анасы тартылған. Баласы бұзақылық жасаған әйел 7 айлық есептік көрсеткішке тең (14 847 теңге) айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

«Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оқушының анасын әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 435-бабы («Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық») бойынша жауапқа тартты. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ» деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 435-бап бойынша, он төрттен он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық әрекеттерін жасаса, онда айыппұл оның ата-анасына салынады.

Дереккөзazattyq.org